Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда университет пен полиция департаменті меморандумға қол қойды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арасында ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Таймерденов және аталған жоғары оқу орны проректоры Е.Талантұлы ресми түрде қол қойды.

Маңғыстауда университет пен полиция департаменті меморандумға қол қойды

Меморандум аясында
өзара қызуғышылық тудыратын салаларда білім беру ұйымдары арасында білім беру және ғылымиынтымақтастықты орнатуға, профессорлық-оқытушы құрамдарын қайта даярлау және біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсетуге, білім беру және ғылыми зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруға, оқушылардың қалаған мамандықтары бойынша ішкі істер органдарында еңбек етуге кәсіби бағыттау жүйесін дамытуға, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің жас мамандары және студенттері үшін Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына және бөліністеріне кәсіптік бағдарлау экскурсияларын ұйымдастыруға, аталмыш университет түлектері арасында іріктеу жүргізу және оларды Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бастапқы даярлық курстарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жіберуге және Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы даярлық курстарынан өту, түлектергекураторлықты ұйымдастыру, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы даярлық курстарының бағдарламасын ойдағыдай бітірген аталмыш университет түлектерін жұмысқа орналастыруға, ғылыми зерттеу және білім беру бағдарламалары бойынша материалдар мен жарияланымдармен алмасуға, сондай-ақ конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер, тағылымдамалар ұйымдастыруға, шығарылатын оқу және ғылыми әдебиетпен алмасуға жәрдем көрсетеді.