Спорт • 23 Қыркүйек, 2019

Спорт саламатты өмір салтын қалыптастырады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында «Елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық!» деп шегелеп тұрып айтты.

Спорт саламатты өмір салтын қалыптастырады

«Бірінші байлық – денсау­лық» демекші, осы Жолдауда ха­лық­тың денсаулығын жақ­сарту мәселесіне де басты назар аударылды. Иә, саламатты өмір салтын насихаттауда спорттың алатын орны зор екені анық. Соны қаперге алған Мемлекет басшысы спортты, соның ішінде бұқаралық спортты дамытуды қолға алу қажеттігін айтты.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Спорт инф­­рақұ­рылымының балалар үшін ба­рынша қолжетімді болуын қам­тамасыз ету керек. Бұқа­ралық денешынық­тыру­­ды өр­­кендету ісі жаңа чемпион­дар шыңына шығатын пи­ра­мидаға айналуы тиіс. Бұл саламатты әрі белсенді жас­тардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалып­тас­тырады», деп спорт саласы мен денешынықтыру ісінің маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы айт­қан­дай, Жолдау бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болса, Қазақстан жаңа чем­пион­дардың мекеніне айнала­ты­нына мен бек сенімдімін.

Елдос СМЕТОВ,
дзюдодан әлем чемпионы,
Олимпия ойындарының күміс жүлдегері