Туризм • 23 Қыркүйек, 2019

Қостанайда Маңғыстау облысы туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

       Қостанайға Маңғыстау облыстық Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Жариева бастаған, құрамында туристк компаниялардың өкілдері бар делегация келді. Сапар мақсаты Маңғыстау облысындағы туризм әлеуетін қостанайлықтарға таныстыру болатын. Маңғыстау - мұнайлы ғана өлке емес, өзінің табиғи сұлулығымен қатар табиғат ерекшелігімен ғалымдарды да, туристерді таңқалдыратын өңір.

Қостанайда Маңғыстау облысы туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті

«Маңғыстау облысы туризмді дамыту және туристік мүмкіндіктері жөнінен елімізде үздік ондыққа кіретін аймақ болып саналады. Біз әріптестердің ұсынысын қарсы алдық. Олар осы жолы қостанайлықтарға өздерінің туристерді тартатын табиғат тамашалары мен өзге де демалыс орындарын таныстыратын болады. Біз де оларға өзіміздің өңірдегі туристік орындарды, сакральды жерлерді көрсетеміз. Туризмді дамыту ісінде жақсы тәжрибелерді алмасатын боламыз» деді облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Роза Горянная.

Маңғыстаулықтар Маңғыстаудағы табиғи және сакральды орындар туралы дайындалған бейнематериалды көрсетті, айтып берді. Мамандар ішкі туризмді дамыту жөнінде тәжірибелерді ортаға салды.

Қостанай

Соңғы жаңалықтар