Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2019

Жылу беруге дайын, қабылдау жағы қиындау

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстың орталығына жылу беретін «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің соңғы мәліметіне қарағанда, қаладағы балабақша, аурухана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға жылу беру 16 қыркүйектен басталып кетті. Тұрғын үйлерге жылу беру 20 қыркүйекке жоспарлаған-ды. Алайда күздің мизамшуағы әзірге суық туралы ойлатар емес.

Жылу беруге дайын, қабылдау жағы қиындау

«Кәрі құданы» еске сала келе­тін алғашқы қара суық со­ғып кеткенде-ақ тұрғындар бү­рі­сіп қалған. Алайда биылғы мизам­шуақ сынап бағанасын 20-25 градусқа көтеріп жіберді. Сон­дықтан ха­лық әзірге жылу іздеп, дауыс кө­тере қойған жоқ. «Кәрі құданы» еске сала келе­тін алғашқы қара суық со­ғып кеткенде-ақ тұрғындар бү­рі­сіп қалған. Алайда биылғы мизам­шуақ сынап бағанасын 20-25 градусқа көтеріп жіберді.

Сон­дықтан ха­лық әзірге жылу іздеп, дауыс кө­тере қойған жоқ. Жылу жүйелері кәсіп­орын­ның алдын ала жасаған жобасына қарағанда облыс ор­талығындағы тұрғын үй қо­ры­ның 93 пайызы жылу беру мау­сымына дайын екен.  Ал бұл қордың көлемі 1086 көп қабатты үй. Соның 1009-ы, мамандардың айтуына қарағанда сақадай-сай.

Алайда қалған үй­лердің кейбірінде әлі де жылу жүйесі тазартудан өткізілмеген. «Ал мұндайдан өтпегендер да­йын­дық паспортын ала алмай­ды, сондықтан оларға жылу да берілмейді. Біз әкімдік тарапынан арнаулы қаулы шыққан бойын­да дайын үйлерге жылу беруге әзірміз», дейді «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің бас ин­женері В.Холоша. Сонымен бірге маман әлі де бейқам жүргендерді жылу жүйе­сін қабылдауға дайындықты тезірек аяқтауға шақырды. Өз сөзінде бас инженер жылу беру кәсіпорнының  бүгінгі жағдайына тоқталып, маусымға дайындық барысы туралы да айтып өтті. Тоғы­зыншы қыркүйекке дейін кәсіпорында жүргізілген күрделі және ағымдық жөндеулердің нәтижесінде  облыс бойынша 10,863 шақырым жылу трассасы жаңартылған. Ал бұл бар­лық жүйенің 87,9 %  деген сөз. Сонымен бірге серіктестік өзінің 4 ғимаратын да жөндеуден өткі­зіпті.

Жылу құбырларының 2,849 шақырымы жөнделіп, 43 сорғыш стансалардың жарақтары жаңар­тылған. Сөйтіп кәсіпорын өкілі қалаға жылу беру ісінде еш­қан­дай кем-кетік болмайтынына тұр­­ғындарды сендіріп отыр.Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы аптада жауын­-шашын болып, күн суыта бастайды. Жылу қабылдауға дайындық паспортын әлі ал­мағандар соған дейін жедел қимылдауы керек-ақ.

ПЕТРОПАВЛ