20 Наурыз, 2010

АУЫЛДАРДЫ СУ АЛА БАСТАДЫ

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстың Тарбағатай, Зайсан, Абай аудандары мен Семей қаласында күн күрт жылып, ауыл-ауылдарды су ала бастаса, Күр­шімде, керісінше, осыдан бірер күн бұрын 30, тіпті кей жерлерде 60 сантиметрге дейін қар жауып, қауіпті одан әрі күшейтіп отыр. Күр­шім мен Үлкен Нарын, Күр­шім-Қалжыр-Теректі ауылдарына жол 7 наурыздан бері жабық. Тар­бағатай ауданының Жетіарал ауы­лына су қаптады. Қызылкесек, Қарғыба, Танамырза, Қарой, басқа ауылдарды да су басу қаупі бар.  Зайсанға қарай күрежолдың жа­был­ғанына біраз уақыт өтті. Бір аптадан соң кеше жол әрең таза­ланды. Кейбір ауылдарда элек­тр жарығы жоқ, оның үстіне “Шығыс­энер­го­трейд” компаниясы  жарық­т­ы жиі өшіруде. Облыс әкімі Б.Сапарбаев алда­ғы уақытта жарықты себепсіз өшір­ген жағдайда олармен әңгіменің қысқа болатынын қатаң ескертті. Облыстық әкімдікте өткізілген шұғыл кеңесте тасқынның алдын-алу жөнінде сөз болды. Тарбағатай ауданында екі мың­нан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. 19 мың тұрғын су басу қаупі аймағында тұр. Зайсан ауданының Тасбастау ауылындағы біраз тұрғындар да қауіпсіз жер­лер­ге көшірілген. Ауданның басқа ауыл­дарын да су басу қаупі кете қой­ған жоқ. Кенді Алтайдың Үр­жар, Аягөз, басқа да бірнеше аудан­­дарындағы көптеген елді ме­кен­дер су тасқынының алдын алу үшін күндіз-түні тынбай қауіпсіздік ша­раларын атқарып жатыр. Облыс әкімі Б.Сапарбаев соңғы жиында аудан, қала әкімдеріне қадау-қадау тапсырма беріп, егер өздері  басқаратын елді мекендерде апатқа жол беріп алса, қатаң жаза қолда­на­тынын шегелеп ескертті. Оңдасын ЕЛУБАЙ.