2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз халқының алдында маңызды Жолдауын жариялады. Бұл – Қазақстанның ұлттық дамуын тұтастай қамтитын Жол картасы. Жолдауда ел халқының өмірін жақсартуға және оларды болашаққа бағыттауға баса назар аударуы қазақстандықтарды рухтандырды.
Салық жүйесін жандандыру, ұлттық табысты неғұрлым әділ бөлу және барлық азаматтарды тиісті әлеуметтік бағдарламалармен қамтамасыз ету Қазақстанға игілікті қоғам құруға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз – маңдайалды міндет – ұлттық бірлікке жету. Қазақстан азаматтары қазақ ұлтының игілігі үшін қызмет атқара беруі тиіс.
Мемлекет басшысының инфрақұрылымдық дамуға, заңнамалық және бағдарламалық қамтамасыз етуге барынша назар аударуы көңілге жақсы әсер етті. Бұл оның ел экономикасын нығайту және болашаққа дайын болу үшін не істеу керектігін толық түсінетіндігін көрсетеді. Әлемдік экономика жаңа дағдылар мен технологияларға негізделген. Инновациялық және техникалық мүмкіндіктер шешуші рөл атқарады. Президент Қ.Тоқаев Елбасы Н.Назарбаевтың көшбасшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне сүйенеді.
Президент Қ.Тоқаев елді ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне қарсы тұрудың ұзақмерзімді жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Мемлекет ішінде не істеу керектігін анықтай отырып, Президент Қазақстанның сыртқы саясаттағы рөлін де ескереді. Ол қажетті прогреске жету үшін тамаша сыртқы қатынастардың қажеттілігін атап өтті. Ол елдің тікелей шетелдік инвестицияларға (ТШИ) және оның экспортына, халықаралық нарыққа көбірек қол жеткізу қажеттігін жақсы түсінеді. Президент Қазақстан сыртқы саясатының елдің болашаққа дайындығын күшейтетін реформалар аясында жалғасатынына көңіл бөлді.
Онг Кенг ЙОНГ,
Сингапурдың Наньянг технологиялық университеті жанындағы С.Раджаратнам (RSIS) атындағы халықаралық зерттеулер мектебі төрағасының атқарушы орынбасары, Қорғаныс және стратегиялық зерттеулер институтының директоры