Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында биылғы жылдың тамыз айынан басталған «Музей түні» шеруі республика бойынша қанат жайып келеді.

«Музей түні» шеруі – Халықаралық музей күні көпшіліктің, әсіресе жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын өткізілетін акция ретінде бастау алса, алдағы уақытта іргелі музейлердің бәрі де жиірек қолға алуды жоспарлап отыр. «Музей түні» басталғалы бері Алматының мәдени өміріндегі маңызды шаралардың біріне айналды.
Еліміздің рухани орталығындағы ірі музейлердің бірінен саналатын Алматы музейі кешкі сағат 19.00-ден кейін әдеттегідей қалалықтарға есігін айқара ашты. Алматы және Жетісу аймағының тарихына байланысты 35 000 жәдігер сақталып отырған музей келгендерді арнайы тақырыптық бағдарламамен және мәдени-көңіл көтеру шараларымен қарсы алды. Музейдегі 11 экспозициялық зал бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, жастарға сонау тас дәуірінен бастап бүгінгі кезеңге дейінгі жәдігерлердің тарихы таныстырылды. Айта кету керек, Алматы музейі орналасқан ғимараттың өзі тарих және сәулет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған айырықша мәртебеге ие нысан. Ендеше, басты тарихи жәдігер ғимараттың өзінен басталады. Келгендер де сәні мен сәулеті келіскен көне ғимараттың сырын білгенше асығады.
Мұнда орналасқан «Алматы музейлер бірлестігінің» құрамына шаһардағы бірнеше іргелі музей топтастырылған. Бірлестік директорының орынбасары Жәнібек Нәлібаевтың айтуынша, бұл акция әсіресе уақыты есептеулі, жұмысбасты адамдар үшін және қарттар мен жастар үшін өте қолайлы. Күндізгі қарбаластан кейін кез келген алматылық немесе қала қонақтары тегін кіріп, асықпай жүріп музей аралап, өзі өмір сүріп отырған шаһар жайында мол мәліметке қаныға алады. Түнгі мезгілде музей тамашалаудың да өзіндік әсері бөлек.
Бұл жолы «Музей түні» қолөнер тақырыбына басымдық беруімен шараның рухани салмағын арттыра түсті. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті Данияр Бабашев музейді тамашалап келгендерге қыш құмыраның жасалу техникасын көрсетті. Әп-сәтте әртүрлі пішінге өзгеріп шығатын құмыраларды жастардың өзі де жасап көргісі келіп, қызығушылық білдіріп жатты. Сондай-ақ О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі өкілдерінің қатысуымен де шеберлік сағаты өтті. Уақытша көрме залында өткен Гүлнара Шормақованың «Әсем әлем. Балауыз бейнелер» атты авторлық көрмесіне жұрт ерекше ықылас танытты.
Сондай-ақ шара барысында музей жәдігерлерімен интерактивті квест ойындар ұйымдастырылып, музей тамашалаған көпшілік сан түрлі сауалдарға жауап беріп, өзара тарихи білімі мен танымын жарыстырды. Өнер жолын қуған талантты жастардың концерті акция мазмұнына әр беріп, келгендердің қатарын арттыра түсті.
АЛМАТЫ
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:12
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • Бүгін, 16:56
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:52
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Бүгін, 16:46
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 16:46
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Бүгін, 16:05
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар