Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019

Шекара бұзған екі өзбек азаматы ұсталды

935 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 22:00 шамасында Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Ынтымақ» заставасының кезекшісі дабыл кешенінен аумақтардың бірінде Мемлекеттік шекараның бұзылғандығы туралы белгі қабылдады. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Шекара бұзған екі өзбек азаматы ұсталды

Лезде оқиға орнына аттанған дабыл тобы Өзбекстаннан біздің елімізге қарай жасырын өтпек болған екі өзбек азаматын адым аттатпай ұстады. Ұсталғандар, сөздеріне қарағанда, күнкөріс қамымен жұмыс іздеуге шыққан екен. Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.

Қорғастық шекарашылар Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан қайтып келе жатқан 21 жастағы Қазақстан азаматынан жалпы салмағы 63 кг қытайда шығарылған дәрі-дәрмек тауып, актімен Алтынкөл кеден бекетіне тапсырды.

Шонжы шекара отрядының «Текес» және Күршім шекара отрядының «Өрел» шекара заставаларының аумағынан шекарашылар жабайы қарасора алқаптарын тапты.

Екі жерден табылған алқаптардың жалпы көлемі 5 гектар. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жойылған 9000 қурайға жуық есірткі өсімдіктерінің жалпы салмағы 1,5 тоннадан астам.