Қаламыздың намысын қорғаған қатысушылар Г.Макридин, К.Пак, А.Тарасенко, С.Ерметова, С.Ерметова, К.Ким, Я. Аюкаева Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарыста алға шықты.
Кездесу барысында балалар есеп шығаруда ондықтарды ғана емес, жүздіктерді де есептегіш құралға сүйенбей-ақ шығарып, үйренгендерін көрсетті.
Білімнің шыңына жетуге сәттілік тілеген Бахадыр Нарымбетов жиын соңында жеңімпаздарға алғыс хат тапсырып, «Жас данышпан» төсбелгісімен марапаттады.