Футбол • 26 Қыркүйек, 2019

«Астана» тарихындағы ең үздік сұрмергендер

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-лигасының кезекті тур ойынында «Атыраудың» қақпасына екі гол соққан «Астананың» ойыншысы Марин Томасов айтулы клуб тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынға көтерілді. 

«Астана» тарихындағы ең үздік сұрмергендер

32 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушы елордалық команда сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетуде. Сол кезден бері Марин Томасов 43 рет нысананы дәл көздеді. Осылайша, ол үздік үштікті қорытындылап отыр. Ал бірінші және екінші орындарды Патрик Твумаси мен Таңат Нөсербаев иеленді.

2013, 2014 және 2015-2018 жылдар аралығында «Астананың» құрамында ойнаған 25 жастағы Гана шабуылшысы Твумаси допты торда 69 мәрте тулатты. 31 жастағы Шымкент футбол мектебінің түлегі Нөсербаев 2011-2016 жылдар аралығында айтулы клубтың жейдесін киіп, 54 голдың авторы атанды.