20 Наурыз, 2010

ДІНБАСЫ САБЫРҒА ШАҚЫРАДЫ

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Құрметті қызылағаштық бауырлар! Сіздерге тосыннан болған та­биғат апатынан қаза тапқан туыс­тарыңыз бен бауырлары­ңыз, жер­лестеріңіз үшін барша қазақстан­дық мұсылмандар аты­нан көңіл айтамын. Марқұм­дар­дың жаны жәннатта, иманы серік болсын. Жағдайды өз көзіммен көріп, орталарыңызда болып, сіздерге бүкіл ел жұмылып, жан-жақты кө­мек-қолдау көрсетіп жатқа­ны­на куә болдым. Шатырлар тігі­ліп, азық-түлік жеткізілуде. Ескі және қираған үйлердің орны тегістеліп, жаңа ғимарат­тар салуға дайындық ісі қызу қол­ға алынған. Жас балалар мек­тептерге орналастырылып, саба­ғын жалғастыруда. Тиісінше жағ­дай жасауға тырысып бағуда. Біз де діни басқарма атынан ауыр жүкті көлікке тиелген азық-түлік пен киім-кешек жеткіздік. Діни басқарма қызметкерлері 1 күндік жалақысын арнайы ашылған қордың есеп-шотына аударды. Қиындықтарыңыз бен қай­ғыларыңызға Алла тағала же­ңіл­дік берсін. Сіздерді сабыр­лы­лыққа шақырамын! Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы, Бас мүфти,  шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ.