Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019

«Ковчег» балалар үйі қар барысымен танысты

537 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Шин-Лайн» компаниясы талғарлық «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Қызыл кітапқа енген, Қазақстанның символы саналатын барысын зерттеуге маманданған қазақстандық ғалыммен танымдық кездесу ұйымдастырды. Балалар үшін бұл кездесу кездейсоқ емес. Өйткені, аты аңызға айналған қар барысы Талғар тауларын мекендейді.

«Ковчег» балалар үйі қар барысымен танысты

Кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Зоология институты териология зертханасының аға ғылыми қызметкері Алтынбек Жаныспаев Қазақстанда мекендейтін ілбіс туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.

Балалар кездесуде қар барысы жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған сирек түр екендігі, оның Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне және ол мекендейтін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия және Ресей барлығы 12 елдің Ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілгені туралы көп мағлұмат алды. Ілбіс тек Қазақстанның нышаны ғана емес, сонымен қатар «Шин-Лайн» компаниясының символы, жануар компанияның логотипінде бейнеленген. Бұл патшалық аң бекзаттықты, күш пен ерлікті сипаттайды.

Балалар мен жасөспірімдер ғалымның әсерлі әңгімесін қызыға тыңдап, толассыз сұрақтардың астына алды.

«Мұндай кездесулер балаларға жаңа дүниелерді білуге ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандығын таңдауға датүрткі бола алады. Кім біледі, мүмкін, жылдар өте осы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі өзге балаларға сирек кездесетін жануарлар туралы дәріс оқитын шығар. Немесе белгілі суретші атанады», дейді Алтынбек Жаныспаев.

Кездесуден кейін балалар арасында өткен «Қар барысы − Қазақстанның символы» атты сурет байқауы қорытындыланды.  Әр түрлі жас тобындағы бес жеңімпаз үшін «Шин-Лайн» компаниясы живопись бойынша Алматыда өтетін шеберлік-сыныбын ұйымдастырды, оған жақын уақытта балалар бармақ. Компания атап өткендей, шеберлік сыныбы балаларға жаңа дағдылар мен білім алуға, сондай-ақ өзінің дарындылығын ашуға және жаңа суреттерге шабыттандыруға мүмкіндік береді.

«Біздің компания «Ковчег» балалар үйі үшін үнемі іс-шаралар өткізеді. Біз үшін бұл – әлемді кішкене жақсартуға мүмкіндік, ата-ана махаббатынан айырылған балаларға жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлау, оларға өз-өзіне сенуге және өмірде өз жолын таңдауға жол ашу», – деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниясының бас директоры Владимир Пак.

«Ковчег» балалар үйінің директоры Марина Сугакова тәрбиеленушілер үшін осындай кездесулер өте маңызды екенін тілге тиек етті. Өйткені, олар балаларға қоршаған ортаны жете тануға, оны сүйіп, қамқорлық жасауға, жаңа адамдармен және олардың әуестіктерімен танысуға, өзінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға қадам жасауға көмектеседі.