Үкімет • 01 Қазан, 2019

Үкіметте 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Үкіметте 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды

Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов негізгі макрокөрсеткіштер және бюджет параметрлерінің болжамы туралы баяндады, ал Қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлов 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің жобасымен таныстырды.

Осы жылдың наурыз айында түзетілген еліміздің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің сақталуын ескере отырып, 2019 жылға арналған республикалық бюджетке нақтыланған кірістер 7081,3 млрд теңгені, шығындар – 12028,1 млрд теңгені құрайды.

«Түзетілген бюджет кірістері мен шығыстары әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қосымша қаржыландыру қажеттілігін жабуға, экономикалық өсудің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді», —  деді А.Мамин. 

Экономикалық өсудің қосымша көздерін өңдеу өнеркәсібін қолдауға арналған қаражатты қайта бөлу, салымшыларға тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелендіру, Павлодар және Ақтөбе облыстарының сұранысқа ие суармалы жерлерінің гидромелиоративті жүйелерін реконструкциялау, сондай-ақ, Жамбыл облысында ауылда кооперацияны дамытудың пилоттық жобасын жүзеге асыру арқылы құру жоспарланған. 

Осы міндеттерді 199,1 млрд теңге сомасында шығыстарды қайта бөлу және осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджет кірістерін 94,9 млрд теңге мөлшерінде түзету жолымен қаржылық қолдау ұсынылады. 

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр А.Мамин тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын Парламент қарауына енгізуді тапсырды.