Бокс • 01 Қазан, 2019

Әуесқой рингте жұдырықтасқан кәсіпқой боксшылар жазаланады

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман кәсіпқой боксшылардың әуесқой рингте жұдырықтасуына түбегейлі қарсы екенін мәлімдеді. 

Әуесқой рингте жұдырықтасқан кәсіпқой боксшылар жазаланады

Осындай сипаттаға әңгімелердің шығуына таяуда ғана Екатеринбургте өткен әлем чемпионатындағы келеңсіз оқиға түрткі болды. Сол жарыста +91 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан 25 жастағы өзбекстандық кәсіпқой боксшы Баходир Жалолов 20 жастағы АҚШ-тың өкілі Ричард Торресті бірінша раундта ауыр нокаутқа жіберді.

Есінен танып қалған жас спортшыны дәрігерлер рингтен зембілге салып алып кетті. Осы оқиғадан кейін бірқатар білікті бапкер мен атақты боксшылар, БАҚ өкілдері кәсіпқойлардың әуесқойлар жарысында жұдырықтасуына қарсылық білдірген еді.

- WBC ұйымы кәсіпқой боксшылардың Олимпия ойындарына қатысуына түбегейлі қарсы. Өйткені, бұл мүлде бөлек спорт түрлері. Осы үрдіс одан әрі жалғаса берсе, зардабы өте ауыр болуы мүмкін. Сондықтан да біз осындай шара қолдануға бел буып отырмыз. Енді Олимпиадада күш сынасуға бел буған кәсіпқойларды кемінде екі жылға үлкен жарыстардан шеттетеміз, – дейді Маурисио Сулейман мырза.