Қазақстан • 01 Қазан, 2019

Еліміздің көптеген аумағында күн жылы болады

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан айының алдағы аптасында жылы күзгі күндер оралады және еліміздің көптеген аймағының тұрғындарын қолайлы ауа райы қуантады. Бұл Иран аудандарынан жылы ауа массасының түсуімен байланысты болады. Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады. 

Еліміздің көптеген аумағында күн жылы болады

Термометр бағандары күндіз: еліміздің солтүстік бөлігінде 15…23 градус жылы, оңтүстік бөлігінде ауа температурасы 20…28-ге дейін біртіндеп көтеріледі.

Сонымен қатар айдың басында солтүстікте, орталықта және шығыста түнде төмен температура: 2…10 градус аязға дейін, кей жерлерде 3 градус жылыға дейін сақталады. Содан кейін бірінші онкүндіктің соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан суық ауа массаларының келуімен ауа температурасының төмендеуі және алдымен батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында жауын-шашын түсуі мүмкін: ауа температурасы күндіз батыс және солтүстік өңірлерде 7…15 жылыға дейін, шығыста 8…18 жылыға дейін, оңтүстік өңірлерде 12…20 жылыға дейін төмендейді.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың ішінде суық толқыны жауын-шашын, тұман, көктайғақ құбылыстары, екпіні 15-20 м/с дейін желдің күшеюі сияқты ауа райы жағдайлары жиі ауысып, жылу толқындарымен алмасатын болады. 

Қазан айының орташа ауа температурасы Қазақстанның көптеген бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облысының батысында 1°С нормадан жоғары болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде – норма шамасында және нормадан көп, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, кей жерлерде, Қостанай және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болады деп болжанады.