Тағайындау • 01 Қазан, 2019

Құрманбек Жұмағали «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы, Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында «Nur Media» холдингінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауды, оның ішінде жаңа медиаға баса назар аударуды тапсырды. Партиялық БАҚ қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, оны шешу үшін өзекті мәселелерді мемлекеттік органдарға жеткізетін объективті және жедел ақпарат көзі болуы керек.

Құрманбек Жұмағали «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Бүгінде «Астана» еліміздегі жетекші телеарналардың бестігіне енді. Соңғы бірнеше жылда телеарнаның көрермендері төрт есеге артып, өзін-өзі толық қамтамасыз етіп отыр. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осыған дейін атқарылған жұмыстар үшін Бибігүл Жексенбайға алғыс білдіріп, жақында эфирге жол тартқан «Саяси ринг» және «Aitarym bar» ток-шоулары мен басқа да арнайы жобалардың маңыздылығы туралы айтты.

Телеарнаның жаңадан тағайындалған бас директоры Құрманбек Жұмағали Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Хабар» телеарнасында продюсер және жүргізуші, «Qazaqstan» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Қазақ радиосы»-ның басшысы, «Алматы» телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары, Қарағанды ​​облысы әкімі баспасөз қызметінің және Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Осы тағайындауға дейін ол «Qazaqstan РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51