Қоғам • 02 Қазан, 2019

Жәрдемақы төлеу туралы білгіңіз келсе...

1203 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әртүрлі хабар таратушы мессенджерлерде 1 қазанынан бастап әр балаға 11 мың теңгеден, отбасының кірісіне қа­ра­­мастан төлемдер енгі­зілгені туралы тара­тыл­ған ақпарат шын­дық­қа жанас­пайды.

Жәрдемақы төлеу туралы білгіңіз келсе...

Балалары бар отбасы­лар­дың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы мем­ле­кеттік саясатының негіз­гі бағыттарының бірі сана­лады.

Бүгінгі таңда бала тууды ынталандыруға және балаларды отбасында тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі ұсын­ған балалы отбасыларды қол­даудың ұлттық моделі құ­рылды. Яғни:

- бала тууына байланысты жәрдемақы (бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері 95 950 теңге (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала үшін – 159 075 теңге (63 АЕК);

- бір жасқа дейінгі баланың күтіміне арналған жәрдемақы (биылғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 5,76 АЕК – 14 544 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК – 17 195 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК – 19 821 теңге, төртінші және одан көп бала үшін 8,90 АЕК – 22 473 теңге);

- мүгедек баланы ересек болғанға дейін тәрбиелеп отыр­ған анасына немесе әке­сі­не, асырап алушы­сына, қам­қор­шысына тағайын­дал­ған және төленген жәрдемақы (оның мөлшері 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орташа есеппен 41 418 теңге (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)

- бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар аза­матты күтуге төленетін жәр­демақы (2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, 41 578 теңге (13.4 ең төменгі күн­көріс деңгейі)

Сондай-ақ Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» ата­ғына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай са­йын­ғы мемлекеттік жәр­дем­­ақы табысына қара­мас­­тан төле­неді (мөлшері 16 160 теңге).

Сонымен қатар, 4 және одан да көп кәмелетке тол­маған балалары бар көп балалы отбасыларға 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жәрдемақы төленеді, 2019 жылы жәрдемақы мөлшері – 10 504 теңге.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдерге босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­­дыру қорынан төле­не­ді.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін әзір­леуде. Бұл механизмдер ашық­тық, әділдік және еңбек­­ке ынталандыру қағи­дат­та­ры­на негізделіп, балаларды әлеуметтік қолдау шараларына ерекше назар аударылатын болады.

«Егемен-ақпарат»