Президент Қасым-Жомарт Тоқаев – Тұңғыш Президент бастаған өзгерістерге толы кезеңді басынан өткерген, Нұрсұлтан Назарбаевтың әріптесі, көмекшісі мен оң қолы болған ұлттық саяси тұлға. Қ.Тоқаев мырза өзінің жинақтаған мол тәжірибесі мен халқының өзіне деген сенімінің арқасында президенттік билікке қол жеткізді.
Қазақстан ұзақ мерзімді стратегияларды жоспарлау мен орындау бойынша зор тәжірибесі бар мемлекет. Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері біз бұл елдің қазіргі қоғамында орын алып жатқан трансформациялық процестер мен өзгерістерге жауап бере алатын стратегиялық жоспарлар мен дамуды, модернизациялауды қамтитын мемлекеттік бағдарламалардың куәсі болдық. Осылайша Қазақстан даму мен гүлденуді ұран еткен айқын бағыт-бағдарын анықтап, жүзеге асыруда үлкен шеберлік танытты. Осының арқасында ұлттық мүдденің жүзеге асуын қамтамасыз ететін бағдарламалар іске асуда.
Президент Касым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында кез келген мемлекеттің дамуына қажетті аса маңызды мәселелерді қамтып өтті, атап айтар болсақ: бірінші, тұрақтылықты қамтамасыз ететін іс-шараларға сәйкес заманауи мемлекетті құру мақсатындағы саяси өзгерістер, екіншіден, азаматтардың қауіпсіздігі мен адам құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі іс-шараларды жүзеге асыру, сонымен қатар мемлекеттегі азаматтық қоғам сипатын нығайту, азаматтық қоғам ұйымдарының рөлін арттыру. Осы арада айта кетейін, мемлекеттік маңызы зор мәселелерді шешу процесіне қоғамдық ұйымдардың белсенді түрде атсалысуын арттыруда бұл шараның маңызы орасан зор.
Сонымен бірге ұлттық экономиканың өсімі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету де өте маңызды. Бүкіл ғаламды жаулап алған әлемдік экономикалық дағдарыс заманында бұл мәселе мемлекеттің экономикалық даму процесінде аса ықпалды рөлге ие болып отыр. Алдағы уақытта Батыс пен Шығыс арасындағы экономикалық баланс түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан Қазақстан, бірінші кезекте ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлгені жөн, себебі ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанға берілген үлкен мүмкіндіктер өзге көптеген елдерде жоқтың қасы.
Президент өз Жолдауында қарапайым азаматтың мүддесін қамтитын басты ұлттық мәселелерді қозғады. Сондықтан Президент сөзін іске асыру жолында қазақ халқы Үкімет және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып еңбек етуі тиіс. Осы ретте ұлттық арналар мен медиа ресурстар қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты асыра мақтаудан аулақ әрі объективті түрде дәріптеуі тиіс.
Қазақстан халқына мәңгілік тұрақтылық пен гүлдену тілеймін.
Мәжид бен Әбдел
Әзиз әл-ТҮРКИ,
Араб-орыс зерттеулер мен ақпарат орталығының басқарушысы