Тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз ресейлік Анна Блинкованы 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтқан еді. Екінші кезеңде оның жолы Эшли Бартимен қиысты. 23 жастағы аустралиялық теннисші қазіргі кезде әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Осы күнге дейін WTA турнирлерінде 16 мәрте топ жарған ол биыл «Ролан Гаррос» додасының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Аустралияның ашық біріншілігінде ширек финалға дейін жетті. Міне, біздің Юлия Путинцеваға осындай мықтымен Бейжіңдегі жарыстың екінші айналымында кездесуге тура келді. 1 сағат 17 минутқа созылған бұл бәсеке 6:4, 6:2 есебімен Бартидің пайдасына шешілді.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде өтіп жатқан жүлде қоры
8 285 274 АҚШ долларын құрайтын WTA турнирінің екінші айналымынан аса алмады.
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Бүгін, 18:38
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Бүгін, 17:57
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Қаржы • Бүгін, 17:25
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:57
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығын бұзған шенеунік сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41