Спорт • 02 Қазан, 2019

Юлия Пу­тин­цева екінші кезеңде есе жіберді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Юлия Пу­тин­цева Қытайдың бас шаһары – Бей­жіңде өтіп жатқан жүлде қоры
8 285 274 АҚШ долларын құрайтын WTA турнирінің екінші айналымынан аса алмады.

Юлия Пу­тин­цева екінші кезеңде есе жіберді

Тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз ресейлік Анна Блинкованы 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтқан еді. Екінші кезеңде оның жолы Эшли Бартимен қиысты. 23 жастағы аустралиялық теннисші қазіргі кезде әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Осы күнге дейін WTA турнирлерінде 16 мәрте топ жарған ол биыл «Ролан Гаррос» додасының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Аустралияның ашық біріншілігінде ширек финалға дейін жетті. Міне, біздің Юлия Путинцеваға осындай мықтымен Бейжіңдегі жарыстың екінші айналымында кездесуге тура келді. 1 сағат 17 минутқа созылған бұл бәсеке 6:4, 6:2 есебімен Бартидің пайдасына шешілді.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025