Спорт • 02 Қазан, 2019

Элизабет Тұрсынбаева Қытайдағы турнирге қатысады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Қытайдың Шанхай қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың жалауы желбірейді. Сол турнирде біздің Элизабет Тұрсынбаева да өнер көрсетеді. 

Элизабет Тұрсынбаева Қытайдағы турнирге қатысады

Биылғы жыл 19 жастағы қазақ аруы үшін сәтті басталған еді. Ол Красноярскіде алауы тұтанған Дүниежүзілік Универсиадада, Анахаймда ұйымдастырылған «Төрт құрлық біріншілігінде» және Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс медальдарды мойнында жарқыратып, барша жанкүйерлердің зор қошметіне бөленді. Десек те содан кейін жарақат алған жерлесіміз ұзақ уақыт бойы емделді. Міне, енді Элизабет қайта мұз айдынына оралып, Аспанасты елінде өтетін коммерциялық турнирде бақ сынауға бел буып отыр.

Бұл жарыста да біз Қазақ елінің мақтанышы айналған спортшы қызға табыс тілейміз.

Элизабет Тұрсынбаевадан бөлек, айтулы додада Олимпия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Евгения Медведева бастаған бірқатар әйгілі мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсетеді.