Футбол • 02 Қазан, 2019

Футбол: «Партизан» «Астанаға» қарсы қандай құрамда ойнайды?

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең УЕФА Еуропа Лигасы аясындағы топтық турнирдің екінші турында «Астана» өз алаңында Белградтың «Партизан» клубын қабылдайды.

Футбол: «Партизан» «Астанаға» қарсы қандай құрамда ойнайды?

Сербиялық команданың бас бапкері Саво Милошевич Нұр-Сұлтанда өтетін кездесуде мына шәкірттеріне сенім артып отыр:

Қақпашылар – Владимир Стойкович, Неманья Стеванович және Филип Кляйич.

Қорғаушылар – Неманья Милетич, Боян Остойич, Страхинья Павлович, Слободан Урошевич, Райко Брежанчич және Игор Вуячич.

Жартылай қорғаушылар – Александар Шчекич, Саша Зделар, Бибрас Натхо, Сейдуба Сума, Зоран Тошич, Лазар Павлович және Александар Лутовац.

Шабуылшылар – Такума Асано, Умар Садик, Лазар Маркович, Джордже Иванович және Петар Гигич.

Естеріңізге сала кетейік, L тобындағы бәсекенің алғашқы турында сырт алаңда «Манчестер» Юнайтедтен» 0:1 есебімен ұтылған «Астана» жарыс кестесінде соңғы орында тұр. Ал «Партизан» Голландияның «АЗ Алкмар» клубымен тең ойнаған болатын. Есеп – 2:2. Олар екінші және үшінші орындарды өзара бөлісуде.