Спорт • 03 Қазан, 2019

Элизабет ел намысын қорғайды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қытайдың Шанхай қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың жалауы желбірейді. Сол турнирде біздің Элизабет Тұрсынбаева да өнер көрсетеді.

Элизабет ел намысын қорғайды

Биылғы жыл 19 жастағы қазақ аруы үшін сәтті басталған еді. Ол Красноярскіде алауы тұтанған Дүниежүзілік Универсиадада, Анахаймда ұйымдастырылған «Төрт құрлық біріншілігінде» және Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс медальдарды мойнында жарқыратып, барша жанкүйердің зор қошеметіне бөленді. Десек те содан кейін жарақат алған жерлесіміз біраз уа­қыт емделді. Міне, енді ол қайта мұзайдынға оралып, Қытайда елінде өтетін коммерциялық турнирде бақ сынауға бел буып отыр. Бұл жарыста да біз Қазақ елінің мақ­танышына айналған спортшы қызға табыс тілейміз.

Э.Тұрсынбаевадан бөлек, айтулы додада Олимпия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы ресейлік Евгения Медведева бастаған бірқатар әйгілі мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетеді.