Спорт • 03 Қазан, 2019

Үздік үштіктің қатарында

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Бүкіләлемдік бокс қа­уымдастығының (WBA) жаңар­тылған рейтингінде бір сатыға жоға­рылап, үшінші орынды иеленді.

Үздік үштіктің қатарында

Кезінде әуесқой рингте табысты өнер көрсетіп, республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген айтулы қазақ боксшысы біраз уақыт Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) додасында «Астана арландары» сапында күш сынасты. Осыдан тура төрт жыл бұрын, яғни 2015 жылдың 3 қазанында Ербосынұлының кәсіпқойлар арасындағы өзінің тұсаукесер кездесуін өткізгені де есімізде. Сол уақыттан бері 12 мәрте шаршы алаңға көтеріліп, барлық бәсекеде жеңіске жетті. Сегіз қарсыласын нокаутқа жіберді. Қазіргі кезде ол – екінші орта салмақ дәрежесі бойынша WBC Asian Continental, WBA International және WBO Global нұсқаларының алтын белбеуінің иегері. Осындай елеулі табыстарының арқасында Айдос Ербосынұлы бүгінгі таңда айтулы рейтингте «ТОП-3» боксшының қатарына қосылып отыр.

Ал қазіргі кезде WBA рейтингінде ұлыбританиялық Джон Райдер жеке-дара көш бастап тұр. Ол – «уақытша» чемпио­н тәжінің иегері. Екінші орынды WBA Continental нұсқасының алтын белбеуінің иесі ресейлік Федор Чудинов иеленуде.