Экспозицияға автордың 50-ге жуық картиналары қойылған. Ол ядролық сынақ құрбандарының портреттерін салады.
К. Күйіков Семей ядролық полигонынан 100 метр қашықтықта орналасқан Егіндібұлақ селосында 1968 жылы туылған. «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі.
АТОМ жобасының Құрметті Елшісі ретінде конференциялар мен түрлі шараларда БҰҰ және Құрама Штаттар Конгресі өкілдері алдында ядролық қаруға қарсы сөз сөйлейді.
Көрме ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.