Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Көше саудасына көмек

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шағын кәсіпкерліктің шырайын келтіруге бағытталған қадамның бірі – «Көше саудасы­на арналған 100 орын» бағдар­ламасы. Бұған дейін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын көше саудасын ұйымдастыруға 1 жылдық мерзімге жер учас­ке­лерін бөліп келді.

Көше саудасына көмек

Сауда алаң­дарын жабдықтап, орналас­тыруға, құйылған қаржыны қай­тарып алуға бұл уақыт әрине аздық етеді. Жаңа бағдарла­маның тиімді тұсы да осы, қа­тысушыларға жер 3-5 жыл аралығында жалға беріледі. Бұл өз кезегінде бизнестің дамуына және қаланың сәулет келбетіне сән беруге мүмкіндік ашады. Жоба шартына сәйкес әртүрлі әлеуетті қатысушылардан 1 жер учаскесіне кемінде 4 өтінім түскен жағдайда, учас­келер комиссия таңдауымен ұсы­нылады. Ал 1 жер учас­ке­сі­не әр­түрлі әлеуетті қаты­су­­шы­лардан 4 немесе одан да көп өтінім түссе, аукцион өткі­з­і­леді.

– Бүгінге дейін 68 жер учас­кесіне конкурс өткізілді, комиссия қорытындысымен 35 жеңімпаз анықталды, – дейді «Атырау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Таханов. – Біз олармен фаст-фуд, кофеханалар, көкө­ністер, тамақ өнімдері, нан өнімдері, ет өнімдері мен ком­пьютерлік қызметтерді сатуға арналған сауда павильондарын салу үшін жер учаскелерін жалға беру туралы келісім жасадық. Сауда павильондарын орнату жұмыстары басталды.

 

АТЫРАУ