Қазақстан • 04 Қазан, 2019

Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы Күміс медаліне ие болды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Президенті сыйлығының лауреаты, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы Күміс медаліне ие болды.

Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы Күміс медаліне ие болды

«Тұлғатану» деп аталатын ауқымды ұғымды жур­налистиканың тұтас бір тар­мағына айналдырып, өнер мен мәдениет тақырыбына үздіксіз қалам тербеп, ойы мен танымын рухани мұрат­тың орындалуы жолында желбіретіп келе жатқан Қали Сәрсенбайдың есімі қазақ оқырманына кеңінен та­нымал. Жуырда ғана «KAZGOR» жобалау академиясы қа­ламгерді ұжым ортасына арнайы шақырып, қызықты кездесу өткізіп, 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, академик ата­ғын берген еді. Енді, мі­не, сол қуаныш соңынан тағы да ақжолтай хабар сүйін­шіленіп отыр. Ресей Жара­тылыстану ғылым академиясы Президиумының 2019 жылғы қыркүйектегі №292 шешімімен Қали Сәр­сенбай И.А.Бунин атын­дағы Күміс медальмен марапаттал­ды. Ғылым, білім және мә­де­ниет­ті дамытуға қызмет еткен ғалымдар мен ізгі жү­ректі қайраткерлердің ғы­лыми шығармашылық қа­уым­­дастығы ре­тін­де танылған Ресей Жара­тылыстану ғылым ака­­демиясы қазақтың белгілі сөз зергерінің көп қырлы же­місті еңбегін лайықты баға­лағаны – ұлт руханиятына көрсетілген құрмет.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20