Үкімет • 05 Қазан, 2019

Роман Скляр Франция және Беларусь елшілерімен кездесті

127 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екі ел дипломатиялық миссияларының өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ, дипломатиялық қатынастарды нығайту перспективалары талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Роман Скляр Франция және Беларусь елшілерімен кездесті

Қазақстандағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен сұхбат барысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, бүгінгі күнде Франция Қазақстанның негізгі 5 сауда-саттық серіктесінің біріне кіретінін және еліміздің экономикасына негізгі инвесторлардың бірі екенін, сондай-ақ, тауар айналымы өсуінің оң қарқынын атап өтті. Соңғы 14 жылда Франциядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 15 млрд АҚШ долларынан асты.

Бұдан өзге, биыл желтоқсанда Франция Президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары жоспарланған. Өз кезегінде біздің ел оған үлкен назар аударуда, сондықтан 8 қазанда Парижде Қазақстан-Француз бизнес-форумының өткізілуі Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовпен ресми кездесу барысында бұрыннан келе жатқан екіжақты қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері, ЕАЭК шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, сондай-ақ, 2019 жылғы 8-9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 15-отырысының өткізілуіне дайындық мәселелері талқыланды. Үкіметаралық комиссия шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы өнеркәсіптік кооперация және техниканы жеткізу, мәдени-гуманитарлық салалардағы маңызды мәселелер, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен оны кеңейту перспективалары және басқа сұрақтар көтеріліп, қаралатын болады.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар тату көршілік қатынастарды дамытудың оң векторын одан әрі сақтап қалып, олардың нығаюына бар күш-жігерлерін салуға уағдаласты.