Футбол • 05 Қазан, 2019

Футбол: Бельгия өз құрамын жариялады

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Келесі аптада футболдан Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінің кезекті туры ойындары өтетіні белгілі. Қазақстан құрамасы 10 қазанда өз алаңында Кипрді, ал 13 қазанда Бельгияны қабылдайды.   

Футбол: Бельгия өз құрамын жариялады

Қазіргі кезде әлемнің ең үздік командасы саналатын Бельгия құрамасы алдағы кездесулерде қандай құрамда өнер көрсететінін күні кеше ғана жария етті. Бас бапкер Роберто Мартинестің таңдауы мына ойыншыларға түскен екен:

Қақпашылар – Тибо Куртуа («Реал», Испания), Симон Миньоле («Брюгге»), Матц Зельс («Страсбур», Франция), Хендрик ван Кромбрюгге («Андерлехт»);

Қорғаушылар – Тоби Алдервейрельд, Ян Вертонген («Тоттенхэм», Англия), Тимоти Кастань («Аталанта», Италия), Дедрик Боята («Селтик», Шотландия), Брэндон Мехеле («Брюгге»), Томас Вермален («Виссел Кобе», Жапония), Тома Менье (ПСЖ, Франция);

Жартылай қорғаушылар – Янник Карраско («Далянь Ифан», Қытай), Насер Шадли («Андерлехт»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити», Англия), Деннис Прат, Юри Тилеманс («Лестер», Англия), Торган Азар, Аксель Витсель («Боруссия» Дортмунд, Германия), Леандер Дендонкер («Вулверхэмптон», Англия);

Шабуылшылар – Эден Азар («Реал», Испания), Аднан Янузай («Реал Сосьедад», Испания), Дрис Мертенс («Наполи», Италия), Миши Батшуайи («Челси», Англия), Кристиан Бентеке («Кристал Пэлас», Англия), Ромелу Лукаку («Интер», Англия), Дивок Ориги («Ливерпуль», Англия), Максим Лестьенн («Стандард»), Яри Версхарен («Андерлехт»).

Естеріңізге сала кетейік, 6 ойынның барлығын жеңіспен аяқтап, 18 ұпай жиған Бельгия І тобында жеке-дара көш бастап тұр. Екінші орында – Ресей. Олардың бельгиялықтардан үш ұпайы кем. Қоржынында 7 ұпайы бар Кипр мен Қазақстан үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісуде.