Бокс • 06 Қазан, 2019

Әли Ахмедов Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірді

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды деп хабарлайды Vesti.kz.

Әли Ахмедов Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірді

Олардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің андеркартасындағы бесінші кездесу болды. 

Ахмедов пен Эрнандес жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ бірінші раундтың 44-секундында аяқталды. Бұл кездесуге қазақстандық боксшы "Нью-Йорк Рейнджерс" хоккей клубының киімімен шықты.  
Шоудың басты оқиғасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласқан болатын.