Қазақстан • 06 Қазан, 2019

Білім және ғылым министрі ел мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Білім және ғылым министрі ел мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

«Қадірлі ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі ең асыл мамандық иесі - Мұғалім. Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолдарын қалыптастыруда ең қажетті білімді бересіздер» деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.

Ол мұғалімдердің қажырлы, құрметті, жауапты жұмыстары үшін алғыс білдірді.

«Оқушылардың әрқайсысына деген мейірімділік, парасаттылық және кәсібилік сіздерде жеткілікті, сонымен қатар, оларға деген махаббаттарыңыз жүректеріңізден өшпесін. Біздің өмірімізде әрқайсымыздың білімге деген құштарлығымызды оята білген Ұстазымыз бар десек, оларға өмір бойы алғыс білдіру маңызды деп есептеймін. Сыныпта отырған әр оқушы өзін дарынды, ақылды және ерекше бала екенін сезіне білсе, мұны мұғалімнің таланты деп білуіміз керек. Біздің елімізде талантты ұстаздар өте көп, олардың арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетуде» деді А.Аймағамбетов. 

Еске сала кетсек, қазан айының алғашқы жексенбісі ел мұғалімдерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді.