Қоғам • 07 Қазан, 2019

Білім беру сапасы – болашаққа кепіл

1040 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы халыққа Жолдауы ел дамуындағы маңызды сатыларды айқындады.

Білім беру сапасы – болашаққа кепіл

Президент халыққа Жол­дауын­­да айтқан басты бес бағыт елі­­міздің одан әрі даму жолын көр­сет­кендей. Яғни заман тала­бына сай тиімді мемлекет құру; аза­мат­тардың құ­қықтары мен қауіп­­сіз­дігін қам­тамасыз ету, қар­қынды дамы­ған және инклю­зивті экономи­ка, әлеу­меттік жаң­ғыру­дың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер – қуатты ел.

Президент халыққа Жолдауын­да қазір елімізде елеулі орын алып отырған бірқатар мәселеге тоқ­талды. Кейбір кемшіліктер мен қай­шылықтарға қарсы тиімді кү­рес жүр­гізудің оңтайлы құралы зама­науи тиімді мемлекет құру екен­дігін атап өтті. Әр бағытқа нақ­­ты тоқтала келе, төртінші, яғни әлеуметтік жаңғырудың жа­ңа кезеңі бағытында білім беру са­пасының жақсаруы жайлы ой жос­парымен бөлісті. Мемлекет­тің дамуында білім беру саласы стратегиялық маңызға ие. Пре­зи­дент Жолдауында ауыл мек­теп­теріндегі білім беру саласын жетілдіру жайлы айтылды. Негізгі мәселе – ауылдық жер­­лер­дегі білікті педагог кадр­лар­дың тапшылығы екенін көр­сет­­кен Президент қала мен ауыл мек­тептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап бара жатқанын айтты. Бүгінгі таң­да ауыл мектептерінде педагог мамандардың тапшылығы сезі­луде. Сол себепті «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қарқын­ды жүзеге асыру мәселесі де тыс қал­мауы керек. Сонымен қатар елі­міздегі жоғары оқу орындары жұмы­сының сапасын арттыруға күш салу қажет. Президент айт­қан­дай, маман даярлау ісі еліміз­дегі және ғаламдағы еңбек нары­ғынан тыс қалмағаны жөн. Жас­тар­дың бәсекеге қабілетті, білікті маман болып шығуы үшін жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын көтеру ісі басты мәселеге айналуы керек.

Тұңғыш Президент – Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жария­лауына байланысты Прези­дентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жас ұрпақты қолдау – бола­шақты қорғау екендігін білдір­ді. Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасы­ның пәрменімен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасы ел жас­тарына әлемнің үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігін ашып берді. Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына да­йындау керек. Мемлекет – оқимын, то­қимын деп талпынған жас азаматтар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Тек білім ғана емес, отансүйгіштік рухта тәрибелеу ісін де басты назарда ұстау керек.

Ғылым саласындағы ахуал ерек­ше назар аударуды талап етеді. Елімізде ғылым сала­сын қар­­­жы­ландыру көптеген бастама­ның нәтижелі болуына септігін ти­гізеді. Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Мемлекетте экономика мен ғы­­лым саласында тығыз байла­ныс орнатылған жағдайда, мемлекет­тік ресурстар, қазба байлықтар игеріліп, мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылатын болады.

Келесі 2020 жылы мемлекеті­міз әлемге әйгілі ғұлама ғалым­дар, ұлт ұстаздары әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абайдың 175 жыл­дық мерейтойларын атап өт­­­ке­лі отыр. Ұлтты тәрбиелеймін десек, Абайдың өлеңдерімен, шы­ғар­­маларымен сусындату керек. Себебі Абай мен әл-Фара­би шы­ғар­маларындағы адам бо­йын­дағы қасиеттер адам­гер­шілік тәрбиесі, еңбек ету, білім және ғылым, адамгершілік рух пен әділеттілік жайлы жазылуы, еңбектерінің өшпес мұра екендігіне кепілдік береді. Президентіміздің халыққа Жол­дауындағы бес басты бағыт­тары­ның жүзеге асырылуы мем­лекетімізді одан әрі дамыта түсе­тіні сөзсіз.

 

Айжан АКПАР,

Ш.Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының кіші

ғылыми қызметкері