Спорт • 07 Қазан, 2019

Алматыда жағажай волейболынан студенттік лига аяқталды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында студенттер арасындағы жағажай волейболынан чемпионат мәреге жетті. Оңтүстік астанадағы жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылған сайыста Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған команда жеңімпаз атанды.

Алматыда жағажай волейболынан студенттік лига аяқталды

Аталмыш спорт түрінен өткен студенттік лига ойындарында 12 жоғары оқу орнының спортшылары баптары мен бақтарын сынаған.

«Олимпиадалық ереже бойынша жүргізілген жарыстың іріктеу кезеңінде Қыздар университетінің құрамасы қарсыластарына есе жібермей жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда оқу орнының командасы Қазақ спорт және туризм академиясының волейболшыларымен кездесті. Тартысты өткен ойында педагогикалық университеттің бойжеткендерінің асығы алшысынан түсіп, 1:2 есеп нәтижесімен жеңіске жетті», – дейді оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан.

Финалда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің спортшылары өзара мықтыны анықтады. Алтын медаль үшін өткен ойында арулар ордасының волейволшыларының айы оңынан туып, жеңіс тұғырына көтерілді. Есеп –2:1, 5:4, 15:10, 16:14.

«Айта кетейік, Қыздар университетінің құрама командасын жарысқа Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, волейболдан ҚР спорт шебері Сәуле Нұрпейісова дайындады. Бұл жағажай волейболынан педагогикалық білім ордасының ең ірі жетістіктерінің бірі екендігін атап өткен жөн», – дейді оқу орнының ресми өкілі.