Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елордада тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға 2,5 АЕК немесе 6313 теңге аударады.
Айта кетейік, басқарма Халық Банк (есеп шот және карталық шот), Жусан банк (есеп шот және карталық шот), Қазпошта (есеп шот және карталық шот), Сбербанк (есеп шот және карталық шот), АТФ Банк, Альфа Банк, Форте банк банктерімен қызмет көрсету туралы келісім жасаған.
Сондықтан бірреттік төлемді алушы тұлғалар аталған банктерде шоттары болмаса, 20 сандық шот ашу үшін банкке барып, кейін оны Достық 13, «Нұрсая-2» ТК мекен-жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әкелуі тиіс.