Тұсаукесер кездесуін жерлестеріміз бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:45-те Ресей астанасы Мәскеудің КПРФ клубына қарсы өткізеді. Бұл матч «Ел Арна» аранасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ертең біздің жігіттер Испанияның «Эль-Пососымен» күш сынасса, 11 қазанда жергілікті «Береттьоуйфалумен» шеберлік байқасамыз.
Сонымен қатар Ақтөбенің «Аяты» да бүгін жарыс жолына шығады. Олар Литваның «Витисымен» кездеседі. Сондай-ақ, бұл топта Испанияның «Барселонасы» мен Ресейің «Тюмень» клубтары да өнер көрсетеді.