Қазақстан • 08 Қазан, 2019

Андрей Костин Қазақстан басшылығымен республикада ВТБ тобының бизнесін дамыту туралы келісті

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ВТБ Банкі» ЖАҚ (жария акционерлік  қоғамы) Басқармасының төрағасы Андрей Костинді қабылдаған болатын. 2019 жылғы 7 қазанда Қазақстанға жасалған ресми сапары барысында ВТБ президенті-басқарма төрағасы Андрей Костин Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Премьер-министр Асқар Маминмен, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Андрей Костин Қазақстан басшылығымен республикада ВТБ тобының бизнесін дамыту туралы келісті

Кездесу барысында тараптар ВТБ тобының корпоративтік-инвестициялық бизнесін дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие ВТБ тобы мен Қазақстанның ынтымақтастығын кеңейту туралы келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ВТБ-ның Қазақстандағы кәсіпкерлікті қаржыландыру жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдіріп, Банк секторын дамытудың екі ел мен жалпы Еуразиялық одақтың интеграциялық процестері үшін маңыздылығын атап өтті. Андрей Костин биылғы жылы банк Қазақстандағы онжылдығын атап өтетінін, бизнесті одан әрі белсенді дамытуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу барысында ВТБ тарапынан қазақстандық компанияларға қазіргі кезде шамамен $4 млрд құрайтын ВТБ кредиттік қоржынын 2020 жылдың соңына қарай $5-6 млрд-қа дейін ұлғайту ниеті айтылды. Бұл ВТБ-ның Қазақстан экономикасын дамыту үшін негізгі қаржы институттарының бірі ретіндегі рөлін нығайтады. ВТБ тобының Қазақстандағы негізгі өнімдері кредит беру, тауар-шикізат нарықтарындағы операциялар және қаржылық кеңес беру болып табылады. ВТБ тобының Қазақстандағы басты клиенттері – елдің ұлттық экономикасының негізін құрайтын тау-кен өндіру, электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы ірі компаниялар. ВТБ тек кредитор ғана емес, сонымен қатар Ресейдегі қазақстандық компаниялардың жобаларын дамыту бойынша кеңесші болып табылады.

Тараптар көлік және пошта инфрақұрылымын дамыту саласындағы инфрақұрылымдық жобаларға ВТБ қатысуы туралы келісті.

Сондай-ақ ВТБ Қазақстан астанасындағы халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысады. Андрей Костин «Астана» ХФО аясында «ВТБ капитал» бөлімшесін ашу ниеті туралы мәлімдеді. ВТБ Басшысының айтуынша, топ Қазақстанның банк секторын дамыту мақсатында Республика Басшылығымен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа мүдделі.