Спорт • 08 Қазан, 2019

Шайбалы хоккей: Бас бапкердің таңдауы кімдерге түсті?

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» келесі тур ойындарын сыртта өткізеді. Атап айтсақ, ертең олар Уфада «Салават Юлаевқа» және 11 қазанда Новосібірде «Сибирьге» қарсы ойнайды.

 

Шайбалы хоккей: Бас бапкердің таңдауы кімдерге түсті?

«Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка алдағы матчтарда мына хоккейшілерге сенім артып отыр:

Қақпашылар ­– Хенрик Карлссон, Эдди Паскуале және Кирилл Стрия.

Қорғаушылар – Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Максим Семенов және Егор Шалапов.

Шабуылшылар - Әлихан Әсетов, Павел Акользин, Кертис Волк, Талғат Жайлауов, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Корбэн Найт, Ииро Пакаринен, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Эрик Тангрэйди, Дмитрий Шевченко және Аркадий Шестаков.