01 Наурыз, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 509

283 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 509

Жұма, 1 наурыз 2013 8:15

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:

1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.

2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 28 ақпан