Спорт • 09 Қазан, 2019

Атыраулық волейболшылар үздіктер қатарында

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы  Қазақстан Республикасы 27-ші Кубогы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық волейболшылар үздіктер қатарында

«Атырау» клубы тартысты ойында екінші орын иеленді.  Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында  петропавлдық «Есіл СК» командасын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда дәл сол есеппен «Ұшқын-Көкшетау» командасын тізе бүктірді. Финалдық матчта атыраулықтар  Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды.  Ал Маңғыстау облысының «Маңғыстау»  командасы үздік үштікті қорытындылады.

-  Қазіргі таңда біздің команда  алда өтетін «Суперкубок» ойынына қызу дайындалуда.  Осы ойында  Қазақстан кубогында көрсеткен  нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, - дейді «Атырау волейбол клубының» директоры Амандық Ғарифолла.

Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында «Суперкубок» ойыны өтеді.  Ойында  Қазақстан кубогында үздік төрттік қатарынан көрінген «Буревестник», «Атырау», «Маңғыстау», «Ұшқын-Көкшетау» командалары өзара бәсекеге түсетін болады. «Суперкубок» иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін  волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның  намысын қорғайды.