«Әрине, кәсіпкер әрі отбасының берекесі болып жүрген әйелдерге бірден сахнаға шығу оңай емес. Содықтан біз бірнеше күн олармен жұмыс істедік, шеберлік класын өткіздік. Жыл аяғында Нұр-Сұлтан қаласында қорытынды байқау болады. Бүкіл өңірлік сатыдағы байқаулардың жеңімпаздары қорытынды республикалық сатыда өз облыстарының намысын қорғайтын болады», деді байқауды ұйымдастырушы Сәуле Қайсар.
Байқауға қатысқан 8 бизнес-ханымдар алдын ала дайындаған бейне материал арқылы өздерін таныстырды. Содан кейін олар парасат пайымы деңгейі бойынша бәсекеге түсті. Жарыстың үшінші сатысында көрермен алдында өнерін көрсетті. Байқауға қатысқан ханымдардың әдемілігін былай қойғанда, барлығы да іскер, отбасының ұйтқысы, бала тәрбиелеп отырған аналар. Алайда жарыстың мақсаты үздікті анықтау болғандықтан, қазылар алқасының таңдауы рудныйлық Анна Насибуллинаға түсті. Кеншілер қаласындағы қызмет көрсету саласында кәсіпкерлігін үйіріп отырған Анна байқаудың барлық шарттары бойынша жақсы өнер көрсетті. Ол енді жыл аяғында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауда бағын сынайды.