Аймақтар • 10 Қазан, 2019

Атыраудағы скейт-парк

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қа­ласы біраз игі істерге жол ашты. Соның тағы бір дәлелі – Атырауда ашылған скейт-парк.

Атыраудағы скейт-парк

Экстремалды спортқа қы­зығатын жастарға арнал­ған жаңа нысан аталған бағдарламаның «Туған жер» бағыты бойынша Атырау қаласының күніне арналған сый болды. Игі іске ұйытқы болған – «ГазСтройМонтаж» ЖШС басшысы Ерлан Та­былдиев. Бұған дейін де ай­мақта бұқаралық спортты да­мыту шараларына белсенді қатысып жүрген кәсіпкер облыс орталығындағы «Ретро саябақтан» осындай орын ашуды жөн көріпті.

Қала күні мерекесінде пай­далануға берілген нысанның ашылу салтанатында шаһар басшысы Алимұхаммед Құт­тұ­мұратұлы: «Жаңа скейт-парк спортты дамытуға сүбелі үлес қосады деген се­німдемін. Жастардың уа­қытын тиім­ді өткізуге ар­налған спорт­тық нысандар қатарын толықтырып, алаң­дар салуды алға қарай да жалғастыра береміз», – деп атап өтті.

Скейт-парктің жалпы аумағы – 1600 шаршы метр. Мұнда сырғанап, кроссфитпен шұғылдануға, стритбол алаңында айналысуға болады. Қоғамдық тамақтану, спорттық құралдар сататын орындар да қарастырылған.

Облыс орталығында Жа­йық өзенінің жағасында ор­наласқан Ретро саябақ бү­­­­гінде атыраулықтар мен қа­ла қонақтарының демала­тын жайлы орнына айналды. Әдемі гүлзарлармен көм­керілген сая­бақта амфи­театр, кафе, көрме залы, му­­зыкалық субұрқақ пен жа­санды тоған бар. Енді бұл қатарға скейт-парк те қо­­сылды.

 

АТЫРАУ