Айтулы бәсекеде аса көп гол соғылмағанымен, ойын өте тартысты өтті. Бірінші кезеңнің 12-минутында Эрик Танрэйдидің берген пасын Даррен Диц қақпаға дәл түсірді. Үзілістен кейін айдын иелері таразы басын теңестірді. Десек те үшінші кезеңде қарқынын күшейткен қазақстандық команда жеңіс шайбасын соқты. Бұл голдың авторы – Кертис Волк. Есеп – 2:1.
Осы күнге дейін 14 кездесу өткізген «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде бесінші орында келеді. Жерлестеріміздің қоржынында 20 ұпай бар. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанның хоккейшілері Чернышев дивизионында көш бастады. Ертең олар Новосібір қаласында жергілікті «Сибирь» клубына қарсы ойнайды.