Декларацияланбаған тауарлардың жалпы кедендік құны 179,7 мың АҚШ долларын немесе 69,7 млн теңгені, төлеуге тиесілі кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасы 15,2 млн теңгені құрады.
Алматы облысы бойынша МКД процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне материалдарды беру жұмыстарын жүргізуде.
Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ахуалдық орталықтың жеке құрамының жұмысы ИТК суреттерді талдау және тереңдетілген талдау жұмысын жүргізу жолымен тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес келмейтін кедендік бақылаудағы тауарларды анықтауға бағытталған.
Орталықтың операторлар мен талдаушылардың кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу жұмысы жандандырылды.
Кеден заңнамасын бұзу күдігі анықталып отырған ИТК суреттеріне жасалатын қашықтық мониторингі шеңберінде тәуекел тобына жататын елдерден өткізілетін тауарларды кедендік декларациялауға талдау жүргізілді.