Қазақстан • 11 Қазан, 2019

Ұлттық ғылыми онкология орталығы ұзақ әрі толыққанды өмір сүрудің ықтималдығын арттырады

1285 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта онкологиялық аурулармен диспансерлік есепте 180 мыңнан астам қазақстандық тұр. Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктердің 35 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, 14 мыңнан астам адам жыл сайын онкологиялық аурулардан қайтыс болады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген тапсырмасы ел Үкіметі қолданыстағы Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы базасында Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру туралы шешім қабылдады.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы  ұзақ әрі толыққанды өмір сүрудің ықтималдығын арттырады

Ғылыми орталықтың заманауи ғима­ратын салу стратегиялық әріптестерді тарта отырып және халықаралық стан­дарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

ҰҒОО қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің барлық бірегей әлем­дік технологиялары шоғырланатын елдің онкологиялық қызметін дамытуды үйлестіру және бақылау орталығына айналуы тиіс.

Орталық қызметінің маңызды бағыт­тары:

–ҰҒОО-ның зияткерлік әлеуетін сақтау, нығайту және дамыту, оның ішінде профилактиканың, диагностиканың, емдеудің, оңалтудың, паллиативтік кө­мек­тің және оларды өңірлерге тасы­мал­­даудың дербестендірілген әдістерін әзірлеу бойынша;

- жаңа инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу үшін медициналық және медициналық емес бейіндегі онко­логиялық қызмет мамандарын даяр­лау.

Бүгінде алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін мыналар жүзеге асырылды.Ағымдағы емдеу қызметін сақтау қажеттілігін ескере отырып, жаңа онкология орталығы құрылысының жобасы екі кезекке бөлінген: 2021 жылға дейін жаңа емдеу-диагностикалық корпусын са­лу және 2022 жылдың соңына қарай жұ­мыс істеп тұрған клиника ғимаратын қайта жаңарту.

ҰҒОО құрылысына үздік жобалау, құрылыс және инжинирингтік компа­ния­лар тартылды.Конкурстық іріктеу нәтижелері бо­йын­ша жобалау-сметалық құжат­та­­маны әзірлеуді Қазақстанда да, шетел­де де әлеу­меттік және өнеркәсіптік объек­тілер­ді жобалауда үлкен тәжірибесі бар швей­цария­лық IT Engineering S.A. компа­ниясы жү­зеге асырады.

Жобалаудың жоспарланған төрт­ ке­зеңі­нен бүгінде алғашқы екі ке­зеңі аяқ­талды және мемлекеттік сарапта­ма­ның оң қорытындысы алынды.

Үкімет басшысы А.Мамин Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың келісімі бойынша Үкімет Қаулысымен жаңа онкологиялық орталықтың құрылысын салу және ин­жи­нирингтік сүйемелдеу жөніндегі компаниялар белгіленді.

Бас мердігер болып «B&A Сontrac­tors­ SA» халықаралық компания­сы­ анық­­­талды. Оның бірқатар жоба­ла­ры елі­мізде жүзеге асырылған, олардың ішін­де Республикалық диагности­ка­лық орталық, Ана мен бала ұлттық ғы­­лыми орталығы, Ұлт­тық ғылыми кар­­диохирургиялық ор­талық, Респуб­лика­лық велотрек, «Астана опера» опера және балет театры, Нұр-Сұлтан қа­ла­сын­дағы әуежайдың халықаралық терминалы бар.

Инжинирингтік сүйемелдеуді Deloitte­ TCF компаниясы жүзеге асы­ра­ды. Бұл халықаралық бизнес саласын­дағы трансұлттық ауқымдағы төрт ірі беделді компаниялардың бірі және олар­дың қызметі мінсіз іскерлік беделге негізделген.

Deloitte TCF есебінде АҚШ-та, Ни­дер­­ландыда, Австралияда және бас­қа да елдерде медициналық нысан­дар құры­лысын сүйемелдеу және медицина­лық техниканы жеткізу бар.

Deloitte TCF-тың еліміздің әлеуметтік саласындағы жобаны инжинирингтік басқарудағы алғашқы жағдайы заңды­лықтың сақталуына және барлық халық­аралық стандарттарға сәйкестігіне кепіл­дік беретініне күмән жоқ.

ҰҒОО-ның стратегиялық серіктес­тері жетекші медициналық және ғылы­ми орталықтар – University College London университеттік клиникасы, Оңтүстік Кореяның Ұлттық онкология­лық орталығы, С.Березин атындағы Мед­ици­налық институты  (Санкт-Петербург, Ресей).

Жапонияның Ұлттық онкологиялық орталығын, Еуропалық онкология инсти­тутын (Италия), MD Anderson (АҚШ) онкологиялық орталығын, Германия, Ав­стрия, Израиль университеттік кли­ни­каларын стратегиялық серіктес­тік­ке тарту туралы келіссөздер жүргізі­лу­­де. Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымымен, Атом энергиясы жө­нін­­дегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ), Обырды бақылау жөніндегі халықаралық одақпен (UICC), Обырды зерт­теу жөніндегі халықаралық агент­­тікпен (ОЗХА), Еуропалық он­­ко­­лог­тар қауымдастығымен (ESMO) ын­тымақтастық мәселелері пысықталуда.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ҰҒОО протондық, сәулелік және лазерлік терапия, сондай-ақ ядро­лық медицина технологияларымен бірге онкологиялық ауруларды диагностика­лау мен емдеуге арналған ең озық жаб­дықтармен жабдықтау көзделеді.

Бұл ретте біз мынадай қағиданы бас­шылыққа аламыз: «бізге жабдықты жет­кізуші – өндірушілер қажет емес, бізге – стратегиялық серіктестер – жаб­дық­тардың үздіксіз жұмыс істеуін және мамандарды оқытуды қамтамасыз ете­тін, бірлескен ғылыми ізденістер жүр­гізетін, саланы интеллектуалды және кадр­лық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, ҰҒОО-ына да, өңірлерге де жа­ңа технологияларды трансферттеуге ық­пал ететін медициналық жабдықты өн­дірушілер қажет».

Онкологиялық ауруларды диаг­нос­тикалау мен емдеуге арналған меди­циналық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісіндегі әлемдік көшбасшылар – Varian Medical Systems International AG, Ion Beam Applications (IBA), Philips және басқа да компаниялар жаңа орталықпен осын­дай ынтымақтастыққа дайын екен­дігін мә­лімдеді.  Жабдық тікелей өнді­ру­шілерден сатып алынады деп болжануда.

Сатып алынатын жабдықтардың тізбесі оны сатып алудың негізділігіне және пайдаланудың тиімділігіне тәуелсіз сараптамалық бағалаудан өтеді.  Бұған жетекші тәуелсіз қазақстандық және шетелдік сарапшылар, стратегиялық серік­тестер, сондай-ақ Deloitte TCF компаниясы тартылады.

Барлық белгіленген міндеттерді табысты іске асыру үшін тиісті кадрлық қамтамасыз ету қажет.Осыған байланысты, ағымдағы жыл­дың күзінен бастап Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауымен Жапония, Оңтүс­тік Корея мен Германияның жетекші он­­кологиялық орталықтарында ҰҒОО үшін мамандар даярлау басталады, ҰҒОО стратегиялық серіктестері жүзеге асыратын тегін оқуға жіберу үшін 35 маманды конкурстық іріктеу жүргізіледі.

Білім және ғылым министрлігімен шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өту және мамандарды «Болашақ» бағдар­ламасы шеңберінде шетелдің жоғары оқу орындарына магистратураға оқуға жіберу мүмкіндігі зерттелуде.

Клиникалық мамандарды дайындаумен қатар елге қажетті медициналық физиктер, химиктер, техник-дозиметристер, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженерлер және ядролық медицина, про­тондық және сәулелік терапия үшін бас­қа да мамандар даярлау жоспарлануда.

Жалпы, 250 маманды оқыту жоспарлануда.Осылайша, ғылыми зерттеулер жүр­гізу тәжірибесі бар білікті зерттеуші­лер мен клиницистер тобы, сондай-ақ тех­­никалық бейіндегі жоғары маман­дан­дырылған мамандар даярланады.

Бұл ұлттық онкологиялық қызметті заманауи үрдістерге сәйкес жаңғыртуға және жақын болашақта өз онкологиялық мектебін құруға мүмкіндік береді.

Персоналды дайындаумен қатар онкология саласында ғылыми зерттеу­лер жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады. ҰҒОО-ында зерттеу орталығын құру жоспарлануда. Оның зертханаларында геномдық және про­теомдық зерттеулер, ағынды цитометрия, микроскопия, тіндік инженерия, био­ақпараттық талдау жүргізілетін болады.

ҰҒОО алдында 2021 жылға дейін орталықтың ағымдағы көп бейінді ме­дициналық қызметін халықаралық стан­дарт­тарға сәйкес онкологиялық көмек көр­сету жөніндегі қызметке толық қайта бейіндеу күрделі міндеті тұр.

Бұл ретте қатерлі ісіктері бар па­циент­терді емдеудің ажырамас бөлігі болып табылатын оңалтуға үлкен назар аударылатын болады. Қызметі тір­ші­лікті қамтамасыз ету дағдыларын, ең­бекке қабілеттілігін қалпына келтіруге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт­та­лат­ын онкологиялық оңалтудың арнайы бөлім­шелерін құру керек.

Популяциялық және жеке деңгейде онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау жөніндегі жұ­­мысты ұйымдастыру үшін ҰҒОО құ­ры­лымында обыр ауруларын бақылау жө­нін­дегі орталық құрылады. Бұл орталық обыр­дың алдын алудың, ескертудің және ер­те диагностикалаудың заманауи және тиім­ді технологияларын әзірлейді және енгізеді.

Пайдалануға енгізілгеннен кейін ҰҒОО-нда жыл сайын 6 мыңнан астам па­циент стационарлық емнен өтеді, консультациялық – диагностикалық кө­мекпен шамамен 30 мың пациентті қамту жоспарлануда, оның ішінде 10 мыңға жуық позитрондық-эмиссиялық томогра­фиямен (ПЭТ), сәулелік және лазерлік тера­пияны пайдалана отырып емдеу-шамамен 4 мың пациент, ал 2 емшара бөл­месі жұмыс істеген кезде Протон орта­лығының өткізу қабілеті жылына 700-800 па­циентті құрауы мүмкін.

Қызметкерлерді ынталандыру мен мотивациялауға бағытталған әлеуметтік құрам­дас бөлігі де маңызды.Сонымен, Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің қолдаухаты бойынша Нұр-Сұлтан әкімшілігі ҰҒОО-мен бір кварталда МЖӘ тетіктерін қолдана отырып, көп пәтерлі тұрғын үй салуға ҰҒОО-ның болашақ мамандарын тұрғын үймен қам­тамасыз ету үшін жер учаскесін бөлді.

Барлық белгіленген міндеттер мен алғашқы нәтижелерді Нұр-Отан партиясы алаңында қоғамдық тыңдауға шығаруды жоспарлап отырмыз. ҰҒОО алдында іске асырудың қысқа мерзімдеріне қарамастан жоғары, өр мақсаттар тұр.Күрделі және көп жоспарлы мін­дет­тер орындалуы тиіс. Енді барлық жос­­пар­­ларды практикалық әрекет тілі­не ауда­ру қажет. Бұл мүдделі мем­лекет­тік ор­гандардың келісіл­ген іс-қимыл­дарына, жігерлі еңбегі мен таңда­ған ісіне маман­дар­­дың адал қызмет етуі­не тікелей байланысты.

Барлығы «обыр» деген қорқынышты диагнозды өлім жазасы деп санамауға бағыт­талады. Орталықты құру арқы­лы қазақстандық пациенттер өз Ота­нын­­да, жақындарының қасында үз­дік халықаралық тәжірибеге сәй­кес ең жо­ғары технологиялық маман­дандырыл­ған ем ала алады. Ауруды ерте анықтау па­циент­тердің басым бөлігін толық емдеу­ге мүмкіндік береді.

Олар үшін жасалған ұзақ және толық­қанды өмір сүру мүмкіндігі – ең батыл және күрделі жоспарларды жүзеге асыратын барлық адамдарға басты марапат екені анық.

 

Жандос БҮРКІТБАЕВ

Ұлттық ғылыми онкология орталығының басқарма төрағасы