Аймақтар • 11 Қазан, 2019

Алматыда 13 қазанда қала жолдарының жартысы жабылады

259 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Алматы марафоны» ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жолдардың жартылай жабылатындығын хабарлайды.

Алматыда 13 қазанда қала жолдарының жартысы жабылады

Жексенбі, яғни 13 қазан күні Алматы Жартылай марафоны кезінде сағат 0:00 бастап 12:30 дейін бағдардың өтетін орындарында автокөлікке арналған жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Жартылай марафон сөресі Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Әл-Фараби даңғылы бойымен Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 0:00 бастап 12:30 дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 7:20 бастап 8:00 дейін жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесінен бастап Шашкинкөшесіне дейін сағат 07:00 бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін сағат 03:00бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

С.Сейфуллин даңғылы бойымен Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейінсағат 07:30 бастап 10:00 дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толықтай жабылады.

Абай даңғылы бойымен С.Сейфуллин даңғылынан бастап Сайын көшесіне дейін  сағат 07:20бастап12:00 жабық болады. Солтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сайын көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:00 бастап11:00 дейін жабық болады. Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Алматы Жартылай марафоны-2019 кезінде жолдарды жабу кестесі

14 қазан

00:00 бастап 12:30 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейін)

Оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық

 

03:00 бастап 11:30 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

Оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық

 

07:00 бастап 11:30 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

Оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық

 

07:00 бастап 11:00 дейін

Сайын көшесі (Әл-Фараби даңғылынан дейін Абай даңғылына дейін)

Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық

 

07:20 бастап 08:00 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейін)

 

07:20 бастап12:00 дейін

Абай даңғылы (Сейфуллина көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін)

Солтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық

 

07:30 бастап 10:00 дейін

Сейфуллин даңғылы (Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)

 

Тұңғыш Президент Саябағына автокөлікпен өтуге кеңес етілген бағдар: 

  1. Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
  2. Науаи көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
  3. Садықов көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
  4. Дулати көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін

жолдардың бос болмауына байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президенті Саябағы) Әл-Фараби және Мұстафин көшелері қиылысына дейін автобуспен баруға кеңес беріледі. Сөре (Тұңғыш Президенті Саябағы) және мәре (Орталық стадион) жанындағы тұрақтарға көлікті қоюдың қиындауы мүмкін екенін ескертіледі. 

13 қазан (жексенбі) күні екінші Алматы жартылай марафоны өтеді. Жарыста 2 қашықтық: 21.1 шақырым және 10 шақырым көрсетілген. 5 мыңға жуық қатысушы жарыс алаңына шығады.