Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Молдова, Тәжікстан Республикалары мен Ресей Федерациясы Парламенттерінің өкілдері қатысты.
Комиссия мүшелері ТМД Парламентаралық Ассамблеяның қызметін қаржылық қамтамасыз етуге байланысты кешенді мәселелерді қарап, ұйымның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.