Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Алматыда жаңадан төселген асфальт жолдардың сапасы тексерілуде

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мамандары жаңадан асфальт төселген Төле би көшесінен сынама алды. Енді нәтижесі үш күн ішінде белгілі болмақ. 

Алматыда жаңадан төселген асфальт жолдардың сапасы тексерілуде

Егер алынған сынамадан олқылықтар анықталса, мердігер мекемеге жолды қайта жасауға тура келеді. Жалпы жыл басынан бері ұлттық жол орталығы жөндеуден өткен 140-тан астам көшеден сынама алынған. Мамандар қазірге айтарлықтай сапасыздықтар орын алмағанын айтады.

«Сынамалар зертханалық сынақтан өтеді. Зертханада алынған сынаманың тығыздығын  және су сіңіргіштігін, битум мөлшерін анықтаймыз», – деді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженері Айдар Бейісбеков.

АЛМАТЫ