Спорт • 14 Қазан, 2019

Футзал: Элиталық топта кімдермен ойнауымыз мүмкін?

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аяты» футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық тобына жолдама алғаны белгілі. 

Футзал: Элиталық топта кімдермен ойнауымыз мүмкін?

Элиталық топта қарт құрлықтың ең үздік 16 клубы ғана өнер көрсетеді. Солардың қатарына Қазақстанның қос командасы қосылуы, әрине, қуанышты жағдай. Бұл бәсекелер үстіміздегі жылдың 19-24 қараша аралығында өтсе, жеребе тарту рәсімі 18 қазанда өтеді.  Сол кезде қай команданың қай топқа түскені белгілі болады. Ал айтулы додаға қатысатын клубтар мыналар:  

«Қайрат» (Қазақстан)

«Аят» (Қазақстан)

«Спортинг» (Португалия)

«Добовец» (Словения)

«Мостар» (Босния мен Герцеговина)

«Бенфика» (Португалия)

«Херсон» (Украина)

«Халле-Гооик» (Бельгия)

«Барселона» (Испания)

«Тюмень» (Ресей)

КПРФ (Ресей)

«Мурсия» (Испания)

«Спарта» (Прага, Чехия)

«Ново Вриеме» (Хорватия)

«Столица» (Беларусь)

«Пезаро» (Италия)