Спорт • 14 Қазан, 2019

Еркін күрес: Азамат Хасавюртте алдына жан салмады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Дағыстан аймағындағы Хасавюрт қаласында еркін күрестен өткен «Құрлықаралық кубок-2019» додасында Қазақстанның танымал балуаны Азамат Дәулетбеков бас жүлдені олжалады.

Еркін күрес: Азамат Хасавюртте алдына жан салмады

86 кило салмақ дәрежесінде белдескен қандасымыз айтулы турнирде шеберліктің шынайы үлгісін көрсетті. Барлық бәсекеде басымдық танытқан Азамат ақтық айқаста жергілікті балуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Арсен-Әли Мусалалиевті 8:5 есебімен ұтты.

Жалпы бұл жарыста Дәулетбековтен бөлек, өзге елдің тағы бір өрені ғана алтын тұғырға көтерілді. Ол – 92 кило салмақта күш сынасқан Молдованың өкілі Георгий Рубаев. Қалған бас жүлденің барлығы Ресей құрамасына бұйырды. 

Өзге салмақ дәрежелерінде мына балуандар жеңімпаз атанды: 57 кило – Әбубакар Муталиев, 61 кило – Ибрагим Абдурахманов, 65 кило – Рамазан Ферзалиев, 70 кило – Азнаур Таваев, 74 кило – Магомед Хизриев, 79 кило – Ацамаз Санакоев, 97 кило – Расул Магомедов және 125 кило – Батраз Газзаев. 

Соңғы жаңалықтар

Жаңа көпірдің игілігі

Экономика • Бүгін, 08:40

Сәби суретінің әсері

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

Бұйырғаны – жалғыз қола

Спорт • Бүгін, 08:30

Өсімдіктер де естиді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Олжасы мол дода

Спорт • Бүгін, 08:20

Адалдық қарымтасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15