Қазақстан • 15 Қазан, 2019

Обырдан емделуден қорықпау керек – бас онколог

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова обырдан емделуден қорықпауға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Обырдан емделуден қорықпау керек – бас онколог

«Емделгендердің көбі өзінің бастан өткерген проблемасын жария етуден бас тартады. Бізде оны «жаман ауру» дейді. Сонымен қатар бұл ауруға шалдықса да, өзінің отбасына айтпайтын адамдар кездеседі. Адамдар статистиканы естіген кезде қатерлі ісік ауруына байланысты үрейлері арта түседі. Тексеруден барынша ерте өткен жағдайда ауруды жеңіп шығу мүмкіндігі зор. Сондықтан халық аурудан қорықпауы тиіс, өйткені елімізде обырдан емделудің тиісті мүмкіндіктері бар», деді Д. Қайдарова Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 180 мың науқастың арасында 90 мыңы обырдан сауығып кетті. Алайда жыл сайынғы өлім-жітім 15 мыңға жуық. «Толықтай сауығып кеткендер 52 пайыз деңгейінде, олар бұл ауруды жеңіп шыққан адамдар», деді Д. Қайдарова.



Соңғы жаңалықтар